«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС Алматы қ. мен Алматы облысы өңірі бойынша электр қуатына тариф 2010 жылғы 05 қаңтардан бастап өзгеретіндігін хабарлайды. Тұрмыстық тұтынушылар үшін орташа тариф 12% ҚҚС есептегенде 11,38 теңгені құрайтын болады. Тарифтың көтерілуі 11,3% құрады, ол Қазақстан Республикасының электр станцияларында босату бағасының жоғарлауымен байланысты болып отыр. Көтерме нарығына электр қуатына бағаның өзгеруі Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Шекті тарифтерді бекіту туралы» №392 Қаулысына сәйкес болып отыр және ол мынаны құрайды: Екібастұз МАЭС-1 және МАЭС-2 - 3,6-дан 4,68 теңгеге дейін (30%); Жамбыл МАЭС – 5,9-дан 6,5 теңгеге дейін (10%); «Алматы электр стансасы» АҚ - 5,41-ден 6,03 теңгеге дейін (11,5%). Электр қуатының тұтыну көлеміне қарай сараланған тариф мөлшері: Алматы қаласы бойынша Электр плитасын қолданбайтын тұтынушылар үшін (мөлшерленген көлем - 90 кВтсағ): Ең төменгі тариф – 1 кВтсағ үшін 10,59 теңге; Ең жоғарғы тариф – 1 кВтсағ үшін 13,66 теңге. Электр плитасын қолданатын тұтынушылар үшін (мөлшерленген көлем - 140 кВтсағ): Ең төменгі тариф –1 кВтсағ үшін 10,99 теңге; Ең жоғарғы тариф – 1 кВтсағ үшін 13,66 теңге. Алматы облысы өңірі бойынша Электр плитасын қолданатын тұтынушылар үшін мөлшерленген көлем - 90 кВтсағ; Қарасай, Талғар, Іле аудандары, Қапшағай қ. Электр плитасын қолданбайтын тұтынушылар үшін мөлшерленген көлем - 70 кВтсағ; Жамбыл, Еңбекшіқазақ, Райымбек, Ұйгырс, Балқаш аудандары Электр плитасын қолданбайтын тұтынушылар үшін мөлшерленген көлем - 50 кВтсағ: Ең төменгі тариф –1 кВтсағ үшін 10,79 теңге; Ең жоғарғы тариф –1 кВтсағ үшін 13,66 теңге; Тәулік мезгілі бойынша сараланған тариф мөлшері: Тұрмыстық тұтынушылар үшін (ҚҚС есептегенде – 12%): күндізгі тариф (7-00-ден 23-00-ге дейін) –1 кВтсағ үшін 14,61 теңге; түнгі тариф (23-00-ден 7-00-ге дейін) –1 кВтсағ үшін 3,23 теңге. Заңды тұлғалар үшін (ҚҚС есептемегенде): күндізгі тариф(7-00-ден 19-00-ге дейін) –1 кВтсағ үшін 10,16 теңге; ең жоғарғы сағаттар тарифы (19-00-ден 23-00-ге дейін) –1 кВтсағ үшін 21,07 теңге; түнгі тариф (23-00-ден 07-00-ге дейін) –1 кВтсағ үшін 2,89 теңге.