«Атырау Жарык» АҚ-ы әкімшілігіне шын жүректен алғысымды білдіргім келеді. Менің жолдасым – Джамалов Мадхат Ұлы Отан Соғысының ардагері, энерго жүйенің қызметкері болмаса да, әкімиятпен бекітілген болатын, дегенмен «Атырау Жарык» АҚ-ы әкімшілігі бізді ұмытпай жыл сайын мерекеде құттықтап отырды. Үстіміздегі жылдың наурыз айында Мадхат дүниеден өтті, алайда энергетиктер бізді ұмытпай, елеп, Ұлы Отан Соғысының Жеңісіне 65 жылдық мерейтойда қаржылай көмек және бағалы сыйлық ұсынды. Сіздерге, Энергетиктерге ардагерлердің отбасыларына көрсеткен көмектеріңіз үшін үлкен рахметімді айтып, алғысымды білдіремін.
ҰОС ардагерінің жесірі Джамалова Зурят
|