Хабарландыру
Құрметті тұтынушылар!
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 3 наурызында бекітілген №238 «реттелетін нарықтағы бағаның құрылу Ережесі» Қаулысына сәйкес және ҚР табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің Департаментінің 2010ж. 19 қарашадағы №02/355 хаты негізінде электр энергиямен қамтамасыз етуде келесі тұтынушылар тобына қарай 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап электр энергиясына келесі тарифтер енгізілгені туралы хабардар етеді:
· Электр энергиясын тауар, жұмыс пен
қызмет көрсету үшін, және тұрмыстық
қажеттілікке қатысы жоқ басқа да қызметтер
үшін қолданатын тұтынушыларға 1 кВт/сағ. үшін – 15,47 теңге ҚҚС-сыз.
· Электр энергияны ауылшаруашылығы
өнімдерін өндіруге және өңдеуде
пайдаланатын тұтынушыларға 1 кВт/сағ. үшін – 11,85 теңге ҚҚС-сыз.
· Электр энергиясын электр энергияны тауар,
жұмыс және қызмет көрсетуде пайдалануға қатысы жоқ,
жарық және т.б. қажеттілікте пайдаланатын
тұтынушылар үшін (халық пен елді мекендер)
1 кВт/сағ. үшін – 4,82 теңге ҚҚС-сыз.
5,40 теңге ҚҚС-мен
_____________________________________________________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің Төрағасымен 2009жылғы 20 ақпандағы бекітілген № 57-НҚ Бұйрығы «Тәулік зоналары бойынша және (немесе) оны жеке тұлғалардың тұтыну көлеміне қарай электр энергиясына арналған тарифтерді энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың саралау Ережесінің» 42 тармағына сәйкес «Атырау Энергосату» ЖШС-гі электр энергияны тұтынушыларды 2011 жылдың қаңтар айының 1-нен бастап өкілетті органның (ҚР табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің Атырау облысы бойынша Департаментінің 2010 жылдың 20 желтоқсан айындағы № 02/434 хаты) келісімі бойынша тәулік зоналары бойынша келесідей сараланған тарифтер енгізілетінін хабардар етеді.
· 750 кВА және одан жоғары қуатқа қосылған өнеркәсіп және соған теңелетін тұтынушыларды есептемегенде электр энергияны тауар, жұмыс және қызмет көрсету өндірісінде (заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер) пайдаланатын тұтынушылар үшін:
түнгі зона тарифі (23.00-ден 07.00 дейін) – 4,6627 тенге/кВтсағ (ҚҚС-сыз)
күндізгі зона тарифі (07.00-ден 19.00 дейін) – 15,47 тенге/кВтсағ (ҚҚС-сыз)
кешкі тұтыну зона тарифі (19.00-ден 23.00 дейін) – 32,8837 тенге/кВтсағ (ҚҚС-сыз)
· электр энергияны ауылшаруашылығы өнімдерін өндіруге және өңдеуде пайдаланатын тұтынушылар үшін:
түнгі зона тарифі (23.00-ден 07.00 дейін) – 3,5716 тенге/кВтсағ (ҚҚС-сыз)
күндізгі зона тарифі (07.00-ден 19.00 дейін) – 11,85 тенге/кВтсағ (ҚҚС-сыз)
кешкі тұтыну зона тарифі (19.00-ден 23.00 дейін) – 25,1889 тенге/кВтсағ (ҚҚС-сыз)
Жоғарыда көрсетілген тарифтер арнайы көп тарифті есеп құралын орнатқан тұтынушыларға қолданылатын болады.
_____________________________________________________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің 2009жылдың 20 ақпандағы №57-ОД бұйрығымен бекітілген «Жеке тұлғалармен электр энергиясын тұтыну көлеміне тәуелді және тәулік зоналары бойынша тарифтерді энергиямен жабдықтау ұйымдарымен саралау Ережесіне» және ҚР табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің Департаментінің 2010ж. 20 желтоқсан №02/433 және №02/434 хаттары негізінде 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап келесі тарифтер енгізілетіні туралы хабардар етеді:
1. Жеке тұлғалармен электр энергиясын тұтыну көлеміне тәуелді:
· электр плитасын қолданатындар үшін, бекітілген тұтыну нормасы - 110 кВт.сағ. ең төменгі тариф – 4,7152 тенге/кВт.сағ.(ҚҚС-мен);
· электр плитасын қолданбайтын жеке тұлғалар үшін, бекітілген тұтыну нормасы - 90 кВт.сағ. ең төменгі тариф - 5,1296 тенге/кВт.сағ.(ҚҚС-мен);
· тұтынушылардың осы екі санатындағыларға электр тұтыну белгілі нормадан асып түссе ең жоғарғы тариф – 6,4736 тенге/кВт.сағ.(ҚҚС-мен);
2. Тәулік зоналары бойынша сараланған тарифтер арнайы көп тарифті есеп құралын орнатқан тұтынушыларға қолданылатын болады :
· түнгі зона тарифі (23.00-ден 07.00 дейін) – 1,6270 теңге/квт.сағ. (ҚҚС-мен).
· күндізгі зона тарифі (07.00-ден 23.00 дейін) – 7,0259 теңге/квт.сағ.(ҚҚС-мен).
«АтырауЭнергоСату» ЖШС әкімшілігі |