Дауыс беру
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Жоқ
Иә
Маған бәрі бір
ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
  12345
6789101112
13141516171819
2021 22 23242526
2728293031
На русскомНегізгігеСайт картасы
 
сұрақтар мен жауаптар
  
*Аты-жөніңіз
  
*E-mail:
  
  
*Хат
Символдар саны: 0
  
  
*Суреттегі кодты еңгізіңіз:
  

Сұрақтар жауаптары
Мен семейпалатинская көшесі 86 үйде тұрамын. Осыдан 3 жыл бұрын көшедегі столбаларды Атырау Жарык ауыстырған болатын. Менің үйімнің столбасын ауыстырмай кетті. Менің столбам қазір ескіріп тұр. Қатты жел тұрған кезде қозғалып тұрады. Столбамды ауыстырып берулеріңізді сұраймын.
 

«Атырау Жарық АҚ-ының Атырау Қалалық электр желілерінің бөлімшесі тексеріс жұмыстары барысында, Семипалатинск көшесі №86 үйді қамтамасыз ететін               № 37/2 қосалқы трансформаторлық станциясынан шығатын  0,4 әуе желісі бағанасы             ҚР-ның Техникалық Пайдалану Ережелеріне сай қалыпты жағдайда екенін және бағананы ауыстыруды қажет етпейтіндігін хабарлайды.

 

07.01.2014 12:31:04
Салеметсиз бе Мені мазалайтын бір сұрак, егер Атырау Жарык толем акысы уакытында толенби калган жагдайда , светті кесіп кетсе,сол күні акысын толеп светті жалғатқан жағдайда Атырау жарыққа 500тенге колемінде акша төлеуіміз дұрыспа? Соны білейн дегем, бурын кескен жагдайда тегін жалгап косатын еди,
 

Иә, дұрыс. Егер жарықты, пайдаланған электрэнергиясын төлемеген жағдайда белгіленген тәртіпте сөндірген болса, ҚР табиғи монополияларды реттеу Агентігінің Атырау облысы бойынша Департаментімен келісілген, 09.02.2009 жылы бекітілген, жеке тұлғалардың электр жүйелеріне қайта қосылуға калькуляциялары №1 қосымшаға сәйкес, электрэнергиясын қосылуы, қарызды өтегеннен кейін және қосу қызметін төлегеннен кейін 500 теңге мөлшерде жүргізіледі.

03.12.2013 15:49:20
терминал аркылы толеуге болама,болса лицевой счет кандай.жауап кутем
 

Терминал арқылы төлеуге болады. Дербес шотты анықтау үшін мына телефон бойынша хабарласыңыз: 99 40 06.

19.11.2013 01:34:48
салематсыздарма! мен шотымда канша колемди акша калганын калай билсем болады? Жане сол акшаны ұялы телефоныма калай аударсам болады? Жауап күтем!
 

Сіз шот-тубіртектен өткен айдың төленген төлемақысымен есептелген төлемақысын көре аласыз. Дербес шот бойынша қарыз және артық төлем туралы ақпаратты Махамбет көшесі 110 үй мекен-жайында орналасқан абоненттік бөлімнен немесе сіздің үйіңіз бойынша қызмет көрсетуші учаскеден біле аласыз. Дербес шоттан ұялы телефонға ақша аудару жүзеге асырылмайды.

06.11.2013 01:38:37
Сәлеметсіздерме!Сұрағым түбіртек туралы. Уйде мекенжай агықтамасына 6 адам тіркелген, ал түбіртекте адам саны 1 адам деп тұр.Түбіртекті 6 адам санына өзгерткен тиімдіме алде 1 адам саны тиімдіме? рахмет
 

Тұтынылатын электрэнергиясына төлем сараланған тарифтер бойынша тұтыну көлемі бойынша жеке тұлғалардың тұрғындар саны есебімен анықталады. Осының негізі болып

азаматтарды тіркеу кітапшасы немесе мекен-жайлық анықтамалары болып келеді. Тұрғындар санын өзгерту үшін Сізге жоғарыда көрсетілген құжаттардың көшірмелерін «АтырауЭнергосату» ЖШС-нің кеңсесіне тапсыруыңыз қажет.

07.10.2013 16:36:21
Салематсызба? Атырау Жарыктан келген жумысшыларга уйге келып мысалга Шылде айына толеу керек болсам сол келген адамга акшаны сол жерден уйге келген жерден толеп жыберуыме болама жауап берып жыберсеныз...жанеде казыр толемесен токты киамын деген жагдайда документ корсетуы тиыспа сол туралы кыскаша тусиндирип жыберсеныз.
 Біздің кез келген қызметшіміздің өзінің қызметтік міндеттерін орындау барысында өзімен бірге қызметтік куәлігі болады және оны тұтынушыларға көрсетеді. Тұтынушылармен ақы төлеу тек орталық кеңсенің, учаскелердің кассалары немесе есептесу-кассалық бөлшімшелері арқылы жүргізілуі тиіс.
13.08.2013 21:41:48
суббота воськресеняга шыкканга неге акша толенбейди
ҚР ЕК б.97. т.3. сай демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс кезінде қызметкердің қалауы бойынша оған басқа демалыс күні беріледі немесе ақы төленеді. Бұл талаптарды біздің кәсіпорны заңға сай сақтайды.
12.07.2013 13:49:47
Қазіргі мезгілде халық үшін электр энергиясының қандай тарифі қолданылады?
 

Жеке тұлға тұтынушылары үшін электр энергиясының әрекет етуші тарифтері жөнінде Сіз біздің сайтымыздың «Тарифтер және қызметтер» бөлімінде біле аласыз.

12.07.2013 13:46:49
Саламатсыздар ма. жумыс жасап турган счетчикти, пайдалану мерзими аякталды деп, акт жасамай алып тастауга бола ма? Привокзальный 3А-14А ыкшам ауданын карайтын контролер Шалаева С жане Ундашева А уй иесине ешкандай кужатка кол койдырмай, пломбасын алмай, зансыз турде счетчикти жарамсыз деп таныпты....Негизи зан бойынша счетчикти атыраужарыктын ози ауыстырып, сосын кеткен шыгынды уй иесинин ай сайынга толенетин толеминен усталуы керек кой. 2013 жылдан бастап жана счетчиктер койылады деп жатыр, онда не ушин мен 2 рет шыгындалуым керек. Маган сонын тусинигин жазып жибериниздерши
     Қайырлы күн! Жылу энергиясының коммерциялық есепке алу аспаптарын мерзімді тексеруі «жылу энергиясын пайдалану Ережелерінің» 22, 24 тармақтарына сәйкес аралық тексеру интервалына сәйкес аспапқа төлқұжатта көрсетілген мерзімдерде олардың түрлеріне байланысты жүргізілуі керек. Бірінші аралық тексеру интервалы есептегіш құралының шығарылған күнінен бастап есептеледі. Аралық тексеру интервалының орта мерзімі 4-5 жылды құрайды.

    «Жылу энергияны және жылу тасымалдағышты есепке алу Ережелерінің» 8 тармағына сәйкес аралық тексеру интервалының мерзімі өткен есептегіш құралы пайдалануға рұқсат етілмейді. Сол себептен, учаске тексерушісімен ЫСЖ есептегіш құралын ауыстыру немесе метрологиялық тексеруден өткізу туралы актісінің толтырылуы міндетті.

28.12.2012 11:14:45
xalik bankinin bankomat kartochkasimen internet arkili tolem jasauga boladima
     «АтырауЭнергосату» ЖШС Сізде уйден/кеңседен шықпай-ақ Халық Банкі АҚ арқылы төлем карточкасы болған жағдайда Интернет бойынша электр мен жылу энергиясы үшін төлем жасауға мүмкіндігіңіз бар екенін хабарлайды. Ол үшін Сізге Халық Банкінің call center 590 777 немесе 8 (8000) 8000 59 хабарласып, аталған қызметті @halykbank.kz қаржылық порталы арқылы онда көрсетілген сілтемелер тізбегі бойынша төлем жасай аласыз.

            Төлем жасаған кезде дербес шотыңыз бен төлем мақсатын дұрыс көрсетуіңіз қажет.

09.10.2012 11:52:53
Страницы: « 3 4 5 6 7 8 9 »

 
Разработка сайта ISD Copyright © 2010 Атырау Энерго Сату. All Rights Reserved.