Дауыс беру
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Жоқ
Иә
Маған бәрі бір
ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
  12345
6789101112
13141516171819
2021 22 23242526
2728293031
На русскомНегізгігеСайт картасы
 
сұрақтар мен жауаптар
  
*Аты-жөніңіз
  
*E-mail:
  
  
*Хат
Символдар саны: 0
  
  
*Суреттегі кодты еңгізіңіз:
  

Сұрақтар жауаптары
Ұлы отан соғысындағы ардагерлердің өмірін бересіз бе?
Сіздің сұрағыныздың мағынасы түсініксіз болғандықтан, сұрағыңызды нақтырақ,толықтырып жазуыңызды сұраймыз.
28.09.2012 21:56:26
Сіздерде су және электр ақысын интернет арқылы төлеу мүмкіндігі бар ма?
 

«АтырауЭнергосату» ЖШС Сіздің үйден/кеңседен шықпай-ақ  Казкоммерцбанк, Банк Туран Алем және Халық банк АҚ арқылы Интернет бойынша электр мен жылу энергиясы үшін төлем жүргізуге мүмкіндігіңіз бар екенін хабарлайды. Ол үшін аталған банктердің төлем карточкалары болуы қажет.

Казкоммерцбанк арқылы қосылу үшін Казкомның call center орталығына:    585  334  немесе 8 (8000) 8000 90 телефон соғып,  homebank.kz  қаржы порталы арқылы сол жерде көрсетілген сілтемелер тізбегі бойынша төлей аласыз.

Банк Туран Алем арқылы қосылу үшін БТА call center орталығына:  586 708  немесе 8 (8000) 8001 11 телефон соғып,  my.bta.kz/  интернет-банкингі немесе  www.btanetwork.kz/ арқылы сол жерде көрсетілген сілтемелер тізбегі бойынша төлей аласыз.

Халық банкі арқылы қосылу үшін Халық банкінің call center орталығына:    590  777    немесе 8 (8000) 8000 59 телефон соғып,  @halykbank.kz  қаржы порталы арқылы сол жерде көрсетілген сілтемелер тізбегі бойынша төлей аласыз.

Төлем жасаған кезде дербес шотыңыз бен төлем мақсатын дұрыс көрсетуіңіз сұралады.

17.08.2012 14:40:42
Салеметсызбе! бизде уй жакта кундызде тунде свет сыгырайып калат сонын кесырынен видик муз центр жанып кетты енды компьютерге де отыра алмаймыз жанып кетема деп коркып 10мин отсан болды ошип кала берет нагрузка дан.енды не истеймыз кандай комек корсетесыз
                                                                   Құрметті Жаймуханова Мөлдір!

 «Атырау Жарық» АҚ-ы Сіздің сұрағыңыздағы мәселені анықтау үшін тұрғын үйіңіздің толық мекен-жайын көрсетуіңізді сұрайды.

13.08.2012 15:16:07
саламатсызба? мен осы мекемеге электрик сертификаты аркылы жумыска тура аламба? жауап кутем
Қазиргі уақытта «Электрик» мамандығы бойынша бос орын жоқ, бірақ Сіз өзіңіздің түйіндеменізді беруіңізге болады, ол кәсіпорынның деректер базасына еңгізіледі
04.08.2012 02:05:47
салем жеке турғын үйге свет жалғату ушін арыз үлгісін жазасызба өтінем рахмет
 Жеке тұрғын үйді электрмен қамтамасыз ету үшін ең алдымен техникалық шарт алу қажет.

Арыз үлгісі мен арызға жалғанатын құжаттардың тізімі төменле көрсетілген.

                                         

23.07.2012 20:25:56
Жанадан енгизген тариф турин тусинбей отырмын.Мысалы мен жеке уйде турамын. Уйди кыс мезгилинде газбен жылытамыз асымызды газге дайындаймыз,жануяда 5 адам Енд ай сайынгы электр энергиясынын акысын калай толеймиз? Корсетип койган мысалдарыннан ештене тусинген жокпын жаксы уйде 3 адам болса ,адам басына 110 квт болса онда 330 квт болад соны 5,4500 кобейтип есептииз,ал 190 деген кайдан шыккан? соган накты тусиник керек Осынын алдында болган тарифте адам басына 90 квт болд 5 адамга 450 квт болатын ед ай сайын егер асып кетсе 6,4736 толейсинде аспаса 5,1296 толейтинбиз Енд мен ай сайын канша тенгеден толеймин кай денгейге жатам тусиниксиз Электрэнергиясын тексеретин кыздардан сурасам олар оздери накты ештене билмейд Осы сурактарга накты жауап берсениздер екен Рахмет
                Егер Сіз жеке үйде тұратын болсаңыз, онда электр плитасын пайдаланушы қатарына жатасыз, өйткені, бұл деңгейге келесілер жатады:

- орталық ыстық сумен қамтылмаған тұрғындар. Тиісінше, электр энергиясына тариф 1 жеке тұлғаға айына төмендегіні құрайды:

1 деңгей – 110 кВсағ дейін – 5,45 тенге/кВтсағ.

2 деңгей – 110-нан 190 кВсағ дейін – 6,87 тенге/кВтсағ.

3 деңгей  - 190 кВсағ жоғары - 8,59 тенге/кВтсағ.

 

Егер 5 адам тұратын үйде айына 550 кВтсағ болатын болса (110квсағ*5 адам), онда төлем 5,45 теңге/кВтсағ бойынша жүргізіледі. Тұтыну 950 кВтсағ дейін көбейсе (190кВтсағ*5 адам), онда төлем 2-ші деңгей бойынша 550 квтсағ 5,45 теңгемен төленеді. Айырмашылық 950-550= 400квтсағ 6,87 теңге/кВтсағ. 950 кВтсағ жоғары (190квтсағ*5 адам) тұтынылған жағдайда 3-ші деңгей бойынша    8,59 теңге/кВтсағ есебімен төленеді.

5 тұрғынға 600 квтсағ тұтыну есебіне мысал:

1 деңгей: 110квтсағ *5 адам = 550квтсағ * 1-деңгейдің тарифі 5,45  = 2 997,5 тенге

2 деңгей: 600-550  =  50квтсағ  * 2-деңгейдің тарифі 6,87  = 343,5  тенге

Барлығы төлемге 3 341 тенге.

5 тұрғынға 1000 квтсағ тұтыну есебіне мысал:

1 деңгей: 110квтсағ *5 адам = 550квтсағ * 1-деңгейдің тарифі 5,45  = 2 997,5 тенге

2 деңгей: (190-110)*5 адам  =  400квтсағ  * 2-деңгейдің тарифі 6,87  = 2 748  тенге

3 деңгей 1000-550-400= 50квтсағ * 3-деңгейдің тарифі 8,59  = 429,5 тенге

Барлығы төлемге 6 175 тенге.

04.06.2012 22:19:10
ҚР Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттіктің сайтынан Сұрақ 12.04.2012ж. Қайырлы күн! ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 20.02.2009 жылғы № 57-ОД бұйрығымен бекітілген «Жеке тұлғалардың электр энергиясына тәулік мезгілі бойынша және (немесе) тұтыну көлеміне қарай тарифтарды саралау ережесінің» 31 пунктіне сәйкес « ...Максималды тариф бойынша ақы алынатын артық тұтынылған электр энергиясының көлемі өкілетті органдар жергілікті атқарушы органдармен( облыс, республикалық маңызы бар қалалар, астнаналар)келісе отырып, электр плитасын қолданатын және қолданбайтын, жалғыз тұратын, жасына қарай зейнеткерлікке шыққан тұлғаларға, мүгедектерге, Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, оған теңестірілген тұлғаларға, меншігінде бірден көп тұрғын үйі (пәтері) бар, аталған тұлғалар санатына жататындарды қоспағанда өз алдына тұтыну көлемі бөлек белгіленеді» Менде мынандай сұрақ бар: Өз алдына тұтыну көлемі тек жалғыз тұратын, жасына қарай зейнеткерлікке шыққан тұлғаларға, яғни, мүгедектерге, Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, оған теңестірілген тұлғаларға, оның жалғыз тұратынына немесе пәтерде(үйде) бірнеше адам тұратына байланыссыз белгіленеді ме?
 23.04.2012 Сәлематсыз ба, Руслан Александрович!

 ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 20.02.2009 жылғы № 57-ОД бұйрығымен бекітілген «Жеке тұлғалардың электр энергиясына тәулік мезгілі бойынша және (немесе) тұтыну көлеміне қарай тарифтарды саралау ережесінің» 31 пунктіне сәйкес

« ...Максималды тариф бойынша ақы алынатын  артық тұтынылған электр энергиясының көлемі өкілетті органдар жергілікті атқарушы органдармен( облыс, республикалық маңызы бар қалалар, астнаналар)келісе отырып, электр плитасын қолданатын және қолданбайтын, жалғыз тұратын, жасына қарай зейнеткерлікке шыққан тұлғаларға, мүгедектерге, Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, оған теңестірілген тұлғаларға, меншігінде бірден көп тұрғын үйі (пәтері) бар, аталған тұлғалар санатына жататындарды қоспағанда өз алдына тұтыну көлемі бөлек енгізіледі.» Осыған байланысты, заңның бұл нормасы тек қана тізбеленген  адамдардың жалғыз тұратындарына қолданылады.

16.05.2012 09:52:06
Атыраудын свет өшу расписаниясын айтасыздарма?

                                                                                Құрметті Жұмабай!

"Атырау Жарық" АҚ - да электр жарығының өшу кестесі жоқ,күрделі жұмыстар жүргізілер алдында хабарландыру беріледі

25.03.2012 04:08:07
Атырауда свет қашан өшеді

 Атырауда қаласының электр жарығы өшірілмейді.

25.03.2012 04:02:46
энерго сату қызметкерлерінің жалақысы осы жылы өсеме
 

Бұл сайт электр энергиясын тұтынушыларға арналған. Сондықтан бұл сұраққа толық жауап алу үшін жұмыс орныңыздың басшыларына байланысыңыз.

04.02.2012 19:17:10
Страницы: « 4 5 6 7 8 9 10 »

 
Разработка сайта ISD Copyright © 2010 Атырау Энерго Сату. All Rights Reserved.