Дауыс беру
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Жоқ
Иә
Маған бәрі бір
ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
  12345
6789101112
13141516171819
2021 22 23242526
2728293031
На русскомНегізгігеСайт картасы
 
сұрақтар мен жауаптар
  
*Аты-жөніңіз
  
*E-mail:
  
  
*Хат
Символдар саны: 0
  
  
*Суреттегі кодты еңгізіңіз:
  

Сұрақтар жауаптары
«Атырау жылу электр орталығы» қызметшілерімен өткен айда менің мекен- жайым бойынша есеп үш адам үшін емес екі адамға есептелгені анықталған болатын. Осының негізінде қайта есептеу жүргізілді. Энергия өндіру мекемесі оындай іске құқылы ма?
 «Жылу энергиясын пайдалану тәртібіне” т.73 сәйкес, сіздің пәртеріңізде есептегіш құралының болмағаны анықталса, жылумен жабдықтау шартында көрсетілгендей, адам саны сәйкес келмесе, энергиямен жабдықтау мекемесі ыссы су төлміне екі есеге қайта есептеу жүргізуге құқылы.

 

07.06.2010 10:09:04
Саламатсыздар ма? Өткен айда мен демалысқа кеттім. Пәтерімде есептеу аспабы қондырылмаған . Көрсетілген қызметке қайта есептеу жүргізіле ме?
 “Коммуналдық қызметті ұсыну ережесі”(26 -ереже) бойынша қайта септеу жүргізіледі. Егер  пәтеріңізде тұрғындар саны бір немесе одан да көп болса, ыссы суға есептеу аспабы қондырылмаған болса, үйде болмаған кезіңіздегі мерзімге төлем қажет етілмейді.  Қайта есептеу  жүргізілу үшін басқа жақта болғаныңызды растайтын құжаттар (үй кітапшасының көшірмесі,емханадан анықтама қағазы,уақытша тұраққа тіркелгені туралы анықтама және т.б. ) және арыз талап етіледі.
07.06.2010 10:08:29
Қайырлы күн! Тұтынушы ретінде“Атырау жылу электр орталығы” Акционерлік қоғамына жылудың болмауына байланысты жазбаша арыз жолдаған болатынмын. Жауапты он екі күннен соң алдым. Жауап келгенше ПИК-тің көмегімен жылу қайта іске қосылды. Сұрақ неге тым ұзақ қаралады?
 Сұрақ Қазақстан Республикасының “Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау ”8-бап,2-тармағына заңына сәйкес қарастырылады, егер комиссиялық тексеруді қажет етпеген жағдайда, тұтынушылардың жазбаша арыздарына жауап күнтізбенің 15-күнінде беріледі. Жылу тоқтатылған жағдайда  коммиссия   құрылып және тексеруді  қажет етеді. Жауап күнтізбенің 30-күнінде беріледі.
07.06.2010 10:07:21
Заңды тұлғалардың электр энергиясын тәулік зоналары бойынша сараланған тарифтермен төлеуге көшу тәртібін түсіндірі берсеңіз.

Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің 20.02.2009ж. №57-ОД бұйрығымен бекітілген «Жеке тұлғалармен электр энергиясын тұтыну көлеміне тәуелді және /немесе/ тәулік зоналары бойынша тарифтерді энергиямен жабдықтау ұйымдарымен саралау Ережесімен» бекітілген тәртіпке сәйкес Тұтынушылар көп мөлшерлемелі есептеу аспабын қондырып, энергиямен жабдықтаушы ұйымға сараланған тарифтерді белгілеу туралы өтініш білдіреді. Содан кейін тұтынылған электр энергиясы үшін тәуліктік зоналары бойынша сараланған тарифтермен төлм жүргізеді.

            Заңды тұлғалар үшін тәулік зоналары бойынша сараланған тарифпен төлеуге арналған үш зоналық тарифтер:

-         күндізгі зона (7.00 – 19.00 аралығында) – ҚҚС-сыз 14,10 тг/кВт.сағ.;

-         кешкі зона (19.00 – 23.00 аралығында) – ҚҚС-сыз 25,9095 тг/кВт.сағ.;

-         түнгі зона (23.00 – 7.00) – ҚҚС-сыз 3,764 тг/кВт.сағ.

 

Көп тарифті есептеу аспабын тұтынушының өзі алып, қондырады.  Көп тарифті есепке алу аспабын қондыру алдында абоненттер  электр есептегіштерін «Атырау Жарық» АҚ-ның метрологиялық қызметіне тарифтік кестенің сәйкестігін тексеру мен қорғаныш паролін орнату үшін тапсырулары қажет. Бұл тексеру қалыптасқан үлгідегі акт жасау арқылы ақысыз жүргізіледі.

Тұтынушының тапсырысы бойынша энергия беруші ұйым қолданыстағы есеп желісінен пломб түсіруді жүргізеді, осыдан соң ғана Сіз сараланған есептеу құралын орнатасыз. Содан кейін тағы да Сіздің тапсырыңыз бойынша біздің қызметкерлеріміз қосылу схемасын тексеріп, техникалық қадағалау актісін жасай отырып есепті пломбылайды.

Көп тарифті электр есептеу құралын аларда келесіге көңіл бөлуіңізді сұраймын:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің  07.12.2000ж. №1182 қаулысымен бекітілген  коммуналдық қызмет көрсетуді ұсыну Ережесінің 36-тармағына сәйкес «... Электр тұтынудың 100 кВт. астам шарттық қуаты бар, бекітіліп жеткізілген электр энергиясы тұтынушыларда тұтынылған электр энергиясы, жүктемелердің қуаты мен сағаттық кестесі туралы деректерді жадында ұзақ уақыт сақтайтын активті және реактивті энергияның коммерциялық есепке алу есептеуіштері болуы тиіс.

Электр тұтынудың 40-100 кВт шарттық қуатымен еркін жеткізілген  электр энергиясын тұтынушылардың тұтынылған электр энергиясы туралы деректерді жадында ұзақ уақыт сақтайтын активті және реактивті энергия мен ең жоғары қуатты есептеуіштері болуы қажет.

Электр тұтынудың 40 кВт дейінгі шарттық қуатымен электр энергиясы еркін жеткізілген тұтынушылардың активті энергия есептеуіштері болуы қажет».

21.05.2010 10:45:51
Қазіргі мезгілде халық үшін электр энергиясының қандай тарифі қолданылады?

Атырау облысы мен Атырау қаласының тұрмыстық тұтынушылары үшін 2009 жылдың 20 тамызынан бастап электр энергиясы үшін 12% қосалқы құн салығымен (бұдан әрі ҚҚС) 5 тенге болатын орта тариф қолданылады.

            Қазіргі уақытта тұрмыстық тұтынушылар тәулік зоналары бойынша сараланған тарифпен немесе тұтыну көлеміне сараланған тарифпен есеп айырыса алады.

            Жеке тлғалармен электр энергиясын тұтыну көлеміне қарай (ҚҚС –мен қоса):

-         электр плитасын қолданбайтын жеке тұлғалар үшін ең төменгі тариф (тұтыну мөлшері 90 кВт/сағ.) - 4,84 тг/Квт.сағ (ҚҚС-мен);

-         электр плитасын қолданатындар үшін ең төменгі тариф (тұтыну мөлшері 110 кВт/сағ.) – 4,67 тенге(ҚҚС-мен);

-         тұтынушылардың осы екі санатындағыларға электр тұтыну белгілі нормадан асып түссе ең жоғарғы тариф 5,99 тг/кВт.сағ. (ҚҚС-мен) мөлшерлемелері қолданылады.

 

Тұрмыстық тұтынушылар үшін тәулік зоналары бойынша сараланған тарифтер мөлшерлемелері (ҚҚС-мен 12%):

-         күндізгі тариф (сағ.7.00-23.00 аралығында) – қосалқы құн салығынсыз 5,47 тг/кВт.сағ. немесе ҚҚС-мен 6,1264 тг/кВт.сағ.;

-         түнгі тариф (сағ.23.00-7.00 аралығында) – ҚҚС-сыз 1,1908 тг/кВт.сағ. немесе ҚҚС-мен 1,3337 тг/кВт.сағ.

Тәулік зоналары бойынша сараланған тарифтермен төлеуге көшу үшін тұтынушыларға арнайы көп тарифті есепке алу аспабын иелену және қондыру қажет. Көп тарифті есепке алу аспабын қондыру алдында абоненттер  электр есептегіштерін «Атырау Жарық» АҚ-ның метрологиялық қызметіне тарифтік кестенің сәйкестігін тексеру мен қорғаныш паролін орнату үшін тапсырулары қажет. Бұл тексеру қалыптасқан үлгідегі акт жасау арқылы ақысыз жүргізіледі.

 

21.05.2010 10:44:39
Электр плитасын пайдаланушы мен пайдаланбаушылар қатарына кімдер жатады?

ҚР табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің Атырау облысы бойынша Департаментімен Атырау облысы әкімінің келісімімен Атырау қаласы үшін электр плитасын қолданатындар мен қолданбайтындардан бөлек тұрмыстық тұтынушылар үшін пәтерде немесе жеке тұрғын үйдегі кісі басына электр энергиясын тұтыну мөлшері анықталған. СНИП талаптарына сәйкес газдандыруға жатпайтын үйлердің немесе үй құрылысының жобасымен оны газдандыру көзделмеген болса тұрмыстық тұтынушы электр плитасын қолданушы болып танылады.

21.05.2010 10:44:00
Үйде нақты толық жанұя тұрып жатырса да неліктен квитанцияда тұтыну нормасы бір ғана тұрғынға есептелген?

Есептеу тұтынушы ұсынған ақпарат негізінде тұрғындар саны бойынша жүргізіледі. Аталған есептеуге азаматтарды тіркеу кітабы /үй кітабы/ немесе ПИК мөрімен бекітілген анықтама негіз болып табылады. Тұтынушы жоғарыда көрсетілген ақпаратты «АтырауЭнергоСату» ЖШС-не табыстағаннан кейін ғана квитанцияда пәтерде /үйде/ нақты тұратын адамдар саны бойынша есептеу көрсетілетін болады.

21.05.2010 10:43:30
Сәлеметсіз бе! Біздің үйге Атырау Жарықтың қызметкерлеріміз деп электр энергиясының қарызын төле деген талаппен адамдар келеді. Біз бұл адамдардың не алаяқтар екенін, не шындығында сіздің қызметкерлеріңіз екенін біле алмаймыз. Бұл жағдайда біз не істей аламыз?
Құрметті Гүлмира! Сұрағыңызға рахмет! Электр энергиясы үшін төлемақы тұтынушылармен тек «АтырауЭнергоСату» ЖШС мен банктер кассаларында төленуге жатады. Одан басқа, «Атырау Жарық» АҚ-ның кез келген қызметкерінде өзімен бірге міндетті түрде қызметтік куәлігі болады және Сіздің талабыңыз бойынша қызметкер оны бірден көрсетуі тиіс.
21.05.2010 10:42:34
Қайырлы күн! Сағат 08-ден 18-30ға дейін жұмыс жасайтын, түнгі уақытта тұтынуы жоқ, ең төменгі тариф қолданып отырған мекеме үшін жаңа сараланған есептеу құралын орнатуға қажеттілік бар ма, соны түсіндірсеңіз.
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 09.07.2004ж. №588 Заңының 19 бабының 3-тармағына сәйкес Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардан электр энергиясын сатып алатын заңды тұлғалар болып табылатын электр энергиясын тұтынушылар тұтынған электр энергиясының ақысын тәулік зоналары бойынша сараланған тарифтермен төлеуге міндетті. Аталған талап 2009 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізілді. Басқаша айтсақ, тәулік зоналары бойынша сараланған тарифге өту энергияны тұтыну кестесіне қарамастан барлық заңды тұлғалар үшін міндетті.
20.05.2010 09:57:58
Сіздің жұмысшыларыңыз мезгілінде төленбеген қарызға сілтеме жасай отырып, алдын ала табысталмаған жазбаша ескертуінсіз электр энергиясын беруді тыйып тастауға құқылы ма?
Сіздің сұрағыңызға біз келесідей түсінік береміз: Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 24.01.2005ж. №10 бұйрығымен бекітілген электр энергиясын қолдану Ережесінің /бұдан әрі ЭЭҚЕ/ 53-тармағына сәйкес электрмен жабдықтаушы және /немесе/ энергия беруші ұйымдар тұтынушыны белгіленген тәртіппен ескерте отырып: 1/шартта белгіленген мерзімдерде электр энергиясы үшін ақы төленбесе; 2/электр тұтынудың шартпен белгіленген режимі бұзылса; 3/авариялық жағдайда электр энергиясын беруді толық немесе ішінара тоқтатады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 07.12.2000ж. №1182 қаулысымен бекітілген коммуналдық қызмет көрсетуді ұсыну Ережесінің 36-тармағына сәйкес Тұтынушымен пайдаланған электр энергиясының ақысы төленбеуіне байланысты Қызмет көрсетуші Тұтынушыны шартта белгіленген мерзімде ескерткен жағдайда келісім шарттың орындалуын біржақты тоқтата тұруға құқылы, ал 18-тармақ Тұтынушыны есеп мерзімінен кейінгі айдың 25-нен кешіктірмей ақысын төлеуге міндеттейді. Көрсетілген қызметті мерзімінде төлемеген жағдайда электр энергиясын беруді тоқтату туралы ресми ескерту ай сайын 5 мен 10 жұлдызы аралығында тұтынушы алатын біздің квитанцияның келесі бетінде мазмұндалған. Пайдаланылған электр энергиясының ақысын төлемегені үшін қызмет көрсету тыйылған жағдайда кері қосу электр энергиясына қарызы және кері қосу үшін ақысы төленгеннен кейін ғана жүзеге асырылады. Жоғарыда айтылғандардан көрінетіні, тұтынушылар қызмет көрсетуден ажыратылатыны туралы міндетті түрде ескертіледі және оларға жиналған қарызды өтеуге жеткілікті уақыт мөлшері беріледі.
20.05.2010 09:57:14
Страницы: « 6 7 8 9 10 »

 
Разработка сайта ISD Copyright © 2010 Атырау Энерго Сату. All Rights Reserved.