WhatsApp желісімен тараған аудио хатта айтылған ақпаратқа қатысты мынаны түсіндіреміз:
WhatsApp желісінде тарифті өзгертуге өтініш беру мерзімінің шектеулі екендігі туралы тараған аудио хабарлама жалған ақпарат болып табылады және халық арасында жөнсіз әбігершілік туғызып, жаңылыстыруда.
Тұтынушылардан бүгінгі таңда өтініштер қабылдануда, алдағы уақытта да қабылданады, сондай-ақ өтініштер халыққа ыңғайлы кез келген тәсілмен:
1. кеңсенің жұмыс режиміне сай қағаз түрінде қабылданады;
2. office@aesatu.kz электронды почтасына да жіберуге болады.
WhatsApp желісінде тараған тағы бір аудио хабарламаның қауесет екенін, яғни көше жарығының құнын халық төлейді деген ақпараттың да жалған екендігін ресми мәлімдейміз. Электр энергиясын пайдаланушылар электр энергиясының төлемақысын бекітілген тарифтерге сәйкес, әрбір есепке алу құралынан алынған көрсеткіштер негізінде тек нақты тұтынған көлеміне қарай төлейді.
Көше жарығының төлемақысын Атырау қалалық ТКШ мекемесі төлейді.