Дауыс беру
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Жоқ
Иә
Маған бәрі бір
ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
  12345
6789101112
13141516171819
2021 22 23242526
2728293031
На русскомНегізгігеСайт картасы
 
жарияланымдар
01
10.13
ҚАЛТАЛЫ ДЕРБЕС КОМПЬЮТЕР

 

ҚАЛТАЛЫ ДЕРБЕС КОМПЬЮТЕР

 

2011 жылдың сәуір айынан бастап «АтырауЭнергосату» ЖШС-де есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін ҚДК – қалталы дербес компьютердің көмегімен түсіру бойынша пилотты жоба енгізілді.

 Сырттай ол сенсорлы экранды ұялы телефонға ұқсайды. Аталған ҚДК-мен Атырау қаласына қызмет көрсететін барлық бақылаушылар жабдықталған. ҚДК-де бақылаушы үшін қашықтықтан жеке тапсырма қабылдау және компанияның серверіне мәліметті жолдауға мүмкіндік беретін арнайы бағдарлама орнатылған. Жеке тапсырма абоненттер туралы деректердің орталық базасынан алынады, яғни абонент пен есептеуіш мәліметтері туралы ақпаратты құрайды. Көрсеткіштерді түсіру барысында бақылаушы оларды қағаз жүзіне түсірмей, бірден ҚДК-не енгізеді, сөйтіп, ол мәліметтер біздің орталық серверге және бағдарламаға келіп түседі.                                 

 

                                             

 

Бағдарлама ҚДК-не енгізу сатысында, яғни бақылаушы электр есептеуішінің алдында тұрған кезде, көрсеткіштердің дұрыстығын бірнеше критерийлер бойынша тексеруге мүмкіндік береді. Көрсеткіштер критерийлермен сәйкес келген жағдайда бағдарлама фотосурет ретінде растауды талап етеді. Бұл жағдайда бақылаушы ірі түсіріліммен есептеуіштің таблосын ғана суретке түсіреді. Аталған шара, алдымен, қайталап түсіру, күмәнді көрсеткіштерді растау немесе қайта тексеру үшін  абоненттердімазаламау мақсатында қажет.

ҚДК-н пайдалану абоненттермен электр энергиясының тұтынылуы туралы уақтылы, толық және дұрыс ақпаратты алуға мүмкіндік береді.

Аталған жүйені пайдалану кезінде даусыз артықшылықтары бар:

- көрсеткіштерді биллингтік жүйеге енгізу үшін операторлар штатын ұстауға қажеттілік жоқ, комьютерлер босап, тиісінше, электр энергиясы үнемделеді.

- бақылаушының көрсеткіштерді «ойлап табу» немесе қосып жазып жіберу (тәжірибе жүзінде бұндай жағдайлар болып тұрады) мүмкіндігі жоғалады.

- бақылаушымен ҚДК-не көрсеткіштерді енгізу сәтінде өрескел қателіктер мен сәйкессіздіктер, яғни жіберілген қателіктерді түзетуге мүмкіндік болған жағдайда, жүйемен бірден анықталады.

- электр есептеуішінің жұмыс таблосының фотосуреттері көрсеткіштердің нақты түсірілгенін қуаттайды және даулы жағдайларды шешуге септігін тигізеді.

- көп қағаз жұмсау қажет емес, бақылаушыларды тиімді басқаруға пайдалы

                                                    

«« | »» « Артқа қарай | Барлық жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
 
Разработка сайта ISD Copyright © 2010 Атырау Энерго Сату. All Rights Reserved.