Дауыс беру
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Жоқ
Иә
Маған бәрі бір
ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
  12345
6789101112
13141516171819
2021 22 23242526
2728293031
На русскомНегізгігеСайт картасы
 
жарияланымдар
16
01.14
АРДАГЕР АСУЫ
 

 

АРДАГЕР АСУЫ

 

Мерейтой – бұл айтулы тарихты еске алып, ардагерлерімізге жылы лебіздерімізді білдіріп, құрмет көрсету үшін жақсы себеп, энергетиканың құрылысы мен дамуына бар күшін салғандардың абыройлы еңбектерін еске түсіретін керемет желеу.

                    

 

Өндірілетін энергия сымдардың бойымен осы түсініксіз сиқырлы ғажап – электр тоғы «жүгіріп өткенде» ғана адам үшін пайдалы және оны шаруашылығында немесе мекемеде қолдана алуында ғой. Ал сусыз, дұрысын айтқанда, шөлейт далалықтарда электр беру желілерін тарту, тіректер қою қаншалықты өзекті – бұл туралы біз аздап айтқан болатынбыз, ал енді, әңгімеміз осыны жасаған адамдардың бірі марқұм Әліпов Қаратөре Көшқалиұлы туралы бір үзік сыр.  Бақытқа орай, кәсіпке деген осындай адалдық пен жанұялылық энергия жүйесінің ұжымдарына тиесілі деп айтуға болады.

Қаратөре Көшқалиұлы  – энергия жүйесінің еңбек ардагері. 1947 жылы Гурьев ДЭС-ның кең профилді электр монтері болды. Кейін энергия пойызында жұмыс жасап, кәсіподақ комитетінің төрағасы болды 1965 жылы желілік қызметтен электр желілері мекемесінің диспетчерлігіне кезекші электр монтері болып ауыстырылды. 1979 жылы темір жолға энергия диспетчері болып ауыстырылды. Қаратөре  жұмысына өте адал және еңбек сүйгіш болды. Ол осынша күрделі жағдайларға, тетіктерге түсінікпен батыл еніп кете алды. Энергетикада ол «қырық бір жыл» бойы жұмыс жасады. Өз ісін бүге-шегесіне дейін жатқа білетін адам, сол кездегі әріптестерінің пікірінше, Қаратөре өзін тек талапшыл, қолынан іс және жоғары білікті маман ретінде танытып қоймай, өз білімін басқаларға үйрете алатын адам ретінде де көрсете білді.

 «Әліпов Қаратөре Көшқалиұлы өте зерделі және парасатты адам. Ол бізге кәсіби тұрғыдан да, адамгершілік тұрғыдан да көптеген жақсылығын бере алды. Өзіміздің қатарымыздың адамы екені, өндірістің барлық сатысымен жеткілікті таныс екені сезіледі, өте байсалды адам. Мынаны айтпасқа болмас – адамдар қуаныштарын да бөлісу үшін олармен бірге қуанып, бақытты бола алатынына сенетін. Бұл адамның ең бір керемет қасиеті емес пе. Қаратөре нағыз жолдас болды және әрқашан солай қала бермек. Ал өзі болса өмір бойы қатар жүргендер туралы өте жылы естеліктермен бөлісетін» - дейді көзі көрген ардагерлеріміз. Біз осы ардагерлерімізге тәнті болып, оларды мақтан тұтамыз, олардың өз ісіне адалдығы мен тәжірибесі барлық бастауларға бұрынғыдай жақсы демеу береді. Олардың еңбек жолы – энергетиктердің өсіп келе жатырған ұрпақтары үшін үлгі іспеттес. Олармен құрылған энергетикалық нысандар бүгінгі күнге дейін қалыпты жұмыс жасап, адамдарға жарық пен жылу беріп келеді. Сонымен қатар, адамдарға қайырымдық жасап, барымен бөліскісі келіп тұрады.    Мәңгілік естелік ретінде №100 қосалқы станциясына оның есімі берілді. Жұбайы Әліпова Жамиля апай 30 жыл бойы «Энергия қадағалау» мекемесінде жұмыс жасап келді, ол да энергия жүйесінің ардагері болып табылады. Әліповтар отбасы алты бала тәрбиелеп, олар да династия басшысының ісін жалғастырып келеді...

...Энергетиктердің әрқайсысы – өз кәсібіне, мекемесіне шексіз берілген адамдар. Сол себепті жүйе дамып, күш-қуат алды.

Ұжымның  осындай толық, қызғылықты, көп қырлы өмірімен таныса отырып, біздер олардың істері одан әрі жандана түсетіндеріне сенімді бола аламыз. Атыраулық энергетиктердің жылуы мен жарығы әрқашан барлық өңірге жететін болады. Каспий өңірінің электр шұғыласы біздердің алға басқан жолымызды жарықтандыра отырып, одан әрі жарқырай түседі. Барлығы да тоқтаусыз жетілудің күшін, кадр ұйытқысын және қалыптасқан дәстүрді еңсеріп, сақтай білді. Кадр мамандары тырнақтап жинаған тәжірибе мен білімдерін кейіннен ілесіп келе жатырған ізбасарларына аянбай үйрете алды. Және бұл шығармашылықтың, өзіндік ерлігі бар еңбек пен ізденістің эстафетасы әрқашан жалғаса бермек.

«« | »» « Артқа қарай | Барлық жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
 
Разработка сайта ISD Copyright © 2010 Атырау Энерго Сату. All Rights Reserved.