Дауыс беру
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Жоқ
Иә
Маған бәрі бір
ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
  12345
6789101112
13141516171819
2021 22 23242526
2728293031
На русскомНегізгігеСайт картасы
 
жарияланымдар
26
06.14
Жайыктың ақ шағаласы

 

 

Жайыктың ақ шағаласы

Атырауда Батыс Қазақстан облысының мәдениеті күндері өтті.  Мұндай мәдени үрдіс бұдан бірер ай бұрын Батыс Қазақстан облысында Атырау облысының мәдениеті мен өнерінің күндері өткен болатын.

Қатар қоныстанған іргелі екі облыстың мәдениеті мен өнерінің біздің  Атырау энергетиктер ұжымы да қалыс қалған жоқ, мәдени мекемелер мен алаңдарға өткізілген шараларға қатынасып рухтанды.

 

Соның бірі қазақтың белгілі ақыны, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық Алаш әдеби сыйлығының иегері Аққұштап Бақтыгереевамен  кездесуі болған  жыр кеші еді.

Кешті «Атырау жылу жүйелері» АҚ президенті Н.Шамшатов жүргізіп отырды. Ақынмен бірге Қазақстан Жазушылар Одағының Атырау  облыстық бөлімінің төрағасы Қ.Жылқышиев, Атырау өңіріне танымал кәсіпкер, облыстық маслихаттың депутаты, белгілі өнерпаз Ө.Жанбала және Батыс Қазақстан облыстық маслихаттың депутаты, ақынның жары Қабдрахим Маралұлы қатынасты.

Ақұштап өзінің шығармашылық тақырыптары туралы әңгімелей отырып, өзінің өлеңдерін де оқыды. Мұхит Маралұлы туралы поэмасынан үзінділер келтірілді. Ақын поэзиясының негізгі тақырыбы - адамгершілік, махаббат, ананы сүю, Отанды сүю. Ақын қай тақырыпқа қалам тербесе де шынайылықтан, адами этикадан айнымайды, адалдық шынайы сезімді жырлайды. 

            Ақын  шеберлігі поэзия тілінде сурет сала біледі, бұл көркемдіктің үлгісі. Аққұштап - патриот ақын. Туған жерге арнаған өлеңдерінен замана  ағымына, уақыттың тезіне шыдас бере алмай ұлттық тәрбиенің, адамгершілік пен имандылықтың,  қазақтың дәстүрлі өнегесі түсіп келе жатқан селкеулікті көріп ақынның шыбын жаны шырқырайды.

            Осыдан болар, ақын халқының алдына теледидардан да, күнделікті  ақпарат құралдарынан да, жас мамандар жиналған аудиторияларда да  уақыттың тілімен сөйлейді. Болашақтың жаһандану үрдісінен ұлттық тәрбиені арашалайды.

                                               Тынбаспын,  сірә,  жырлаудан

                                               Туған жер -  анам айналған,

                                               Депутатыңмын туғаннан

                                               Дауыссыз даусыз сайланған  - дейді.

            Кездесу барысында оқырмандар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп отырды. Ақұштаптың сөзіне жазылған әндері орындалды. Өнербек Жанбала мен Қабдрахим Маралұлы көрермендердің сұрауы бойынша күйлер шертілді. Кездесуге қатынасқан энергетиктердің атынан  Нұрадин Шамшатов ақынға алғыс айтып ескерткіш сыйлық тапсырып, ақ жол тіледі.

Жеңіс Аронов

 

«« | »» « Артқа қарай | Барлық жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
 
Разработка сайта ISD Copyright © 2010 Атырау Энерго Сату. All Rights Reserved.