Дауыс беру
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Жоқ
Иә
Маған бәрі бір
ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
  12345
6789101112
13141516171819
2021 22 23242526
2728293031
На русскомНегізгігеСайт картасы
 
жарияланымдар
11
12.12
40 жылдык тарихы бар мереке
                   Биылғы жыл  энергетиктер үшін қуанышқа бөлеген тағы бір ерекше күн болды. Исатай аудандық электр желілерінің құрылғанына  40 жыл толып отыр. Мекеме шарасы көңілді әуеннің сүйемелдеуімен келген қонақтарды қарсы алудан басталды.

Аққыстау селосындағы «Жалын» мәдениет үйінде Исатай өңірі энергетикасының бастау алғанына 40 жыл толуына орай «Жарық пен жылуымыз — ел игілігіне!» атты салтанатты жиын өтті.

 Өмірлерін энергетикамен байланыстырған адамдарды құрметтеп, осы салада атқарған жұмыстарын жоғары бағалаған шарада Исатай аудандық электр жүйесінің қалыптасу тарихы туралы баяндалған бейнекөрсетілім көрермендер назарына ұсынылды.

Қаланы жарықпен және жылумен қамтып отырған кәсіпорынның мамандары мақтауға тұраралықтай еңбектері зор.  Қысқаша тарихқа шолу жасасақ...

              

 

... 1971-1975 жылдарға арналған Қазақ ССР-ы, Гурьев облысы селоларын 10-110 кВ электр желілерімен қамту жоспары бойынша 1972 жылы Махамбет ауданының Аққыстау селосынан 110/35/10 кВ-тік Аққыстау қосалқы стансасы салынып оған 10 кВ-тік 70 километрге жуық жоғарғы кернеулі әуе  желілері жалғанып, Новобогат селосы, одан кешікпей қараша айында Чапаев селосы, Қызыл үй елді мекені, 1973 жылдың жазында Жанбай селолары жоғарғы кернеулі электр желісіне қосылды. Осы кезең, яғни өткен ХХ ғасырдың 60-шы жылдардың аяғы мен 70-ші жылдардың басы өңіріміздің күрт дамыған кезеңі болатын, Гурьев-Астрахан теміржолы іске қосылып, «Қара алтын» мұнайдың үлкен қоры ашылып, «Мартыши», «Камышитовый» және «Гран» кен орындары өндіріске берілді, бұларға қоса ауыл шаруашылығы да қарқынды дамып «Новобогат», «Чапаев», «Забурын» совхоздарының табыстары айтарлықтай болды, сондықтан тұрақты электр қуатымен қамтамасыз ету өңірімізге ауадай қажет болып тұрған шақ еді…

Міне,  осы мекеменің қызметкерлері облыс жұртшылығына өз жылуы мен жарығын сыйлауда. Биыл кәсіпорынның электрлік қуаттылығы аудан жұртшылығын  толықтай қамтып отыр. Мекемеде   бірнеше қызметкер еңбек етуде. Тұрғындарды қажетті жылу және жарықпен қамтамасыз ету үшін олардың әрқайсысының жұмысы маңызды. Сондықтан мереке иелерінің қажырлы еңбегі елеусіз қалмақ емес. Жылдар бойы халық игілігіне қызмет еткен бір топ азамат қызметкерлер энергетика саласының мақтанышы.

 «Атырау Жарық» АҚ президенті Айбар Рахманов: - Әр жылдары кәсіпорын  ұжымы жаңарып отырды. Әрбір қызметкер өңіріміздің энергетика саласының дамуына өз үлесін қосты. Мекеме жыл сайын жаңа табыстарға жетуде. Мұның бәрі білікті әрі өз кәсібіне адал ұжым еңбегінің жемісі.

Исатай АЭЖ бастығы Әлібек Төлебаев: - Біздің аудандық электр жүйесі — басқа да осы салада қызмет қылатын құрылымдар сияқты шалғай ауылдарға, ірі елді мекендерге электр қуатын әуе желісі арқылы тарататын бірден-бір мекеме. Ауа райының дүлей қарлы бораны, қатты желі, жауын-шашыны, мұздағы мен қырауына қарамай, тұтынушыларды тұрақты электр қуатымен қамтып келеміз.

Энергетиктердің қуанышында шек жоқ, барлығы ризашылығын білдіріп жатты. Әсем безендірілген мекемеге жиналған қызметкерлер, жұмысшылар мен зейнеткерлер және арнайы  келген қонақтарда болды. Жиналған үлкен ардагер қонақтар риза боп батасын берді. Сондай-ақ, «АтырауЭнергоСату» ЖШС директоры Аманжан Кәрімов барша энергетиктерді құттықтаса, Энергетиктерді кәсіби мерекесімен Исатай ауданының әкімі Тұрарбек Сұлтанбеков және аудандық мәслихат хатшысы Жұмажан Қадимовтар құттықтап, алғыс хаттар және аудандық мәслихаттың Құрмет грамоталарын тапсырды.

Жоғары қуаттылық - тәулік бойы тынымсыз жұмыс пен зор жауапкершілік. Бұл өз ісіне адал жандардың бойындағы қасиеттер. Өңіріміздің энергетиктері кәсіби біліктіліктерін шыңдап, станциялар мен энергетикалық кешеннің жұмысын тұрақты түрде жүргізуге әзір. Бүгін де олардың дені жұмыс орындарында.  Мұнайлы мекеннің күллі Қазақстанды гүлдендіруге қосып жатқан үлкен үлесі осындай.  Қымбатты энергетиктер, Исатай аудандық  электр желілерінің  40 жылдық мерей тойы  құтты болсын!

 

«« | »» « Артқа қарай | Барлық жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
 
Разработка сайта ISD Copyright © 2010 Атырау Энерго Сату. All Rights Reserved.